Жаңалықтар

Жаркентте ер адам 42 жастағы әйелдің денесін өртеп жіберген

ашық дереккөзі

Жаркентте ер адам 42 жастағы әйелдің денесін өртеп жіберген

Жантүршігерлік оқиға Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында болды, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жаркентте қаскөй 42 жастағы әйелді бір апта бұрын зорлаған. Қылмыс іздерін жасыру үшін оны өлтіріп, денесін өртеп жіберген. "Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға бере отырып, түпкілікті процестік шешім қабылданады", –  деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті. Тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілмейді.