Жаңалықтар

Бүгін 17 өңірде аптап ыстық болады

ашық дереккөзі

Бүгін 17 өңірде аптап ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері бүгін еліміздің 17 өңірінде аптап ыстық болатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамынша, Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді, облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Абай облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 13 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Астанада найзағай, шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының 35-38 градус қатты ыстық. 13-14 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-38 градус. 13-14 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Оңүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 13 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде, 14 шілдеде батысында, шөлді аудандарында 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 13 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 13-15 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.