Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу орталығына барды

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаттары «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу орталығына барды

Бүгін Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» фракциясының мүшелері Айдос Сарым және Сергей Пономарев Алмалы ауданында орналасқан «Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекті оңалту орталығына барды. Кеңес әлеуметтік бейімдеу және еңбекті оңалту жобасы өз қызметін 2023 жылдың көктем айында бастады. Орталық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде ашылған. «Кеңес» орталығы даму патологиясы бар балаларға және 3 жасқа дейінгі қауіп-қатер тобындағы балаларға, сондай-ақ 3 жастан 7 жасқа дейінгі дамуында кідірісі бар балаларға бағытталған кешенді сипаттағы қызметтер көрсетеді. Жобаның ашылуынан бастап 140 бала (0-ден 3 жасқа дейін) кешенді психологиялық-түзету қызметімен қамтылды және 400-ден астам фронтальды және жеке сипаттағы сабақтар өткізілді. «Даму патологиясы бар балаларды және қауіп-қатер тобындағы балаларды қолдаудың тиімді жүйесін құру үшін үш министрліктің яғни,  Денсаулық сақтау, Білім және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тікелей өзара іс-қимылы қажет. Бұл аспектіні біз «Кеңес» орталығы бүкіл республикаға үлгі болсын деп, Жол картасына енгізетін боламыз. Онда мамандар алған тәжірибесін Қазақстан бойынша тарату үшін оқытудан өте алады», - деді  Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев. Сонымен қатар халық қалаулылары ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға мемлекеттік қолдау мен инвестицияның маңызын атап өтті. Олар болашақта осындай бастамаларды қолдауға және ілгерілетуге дайын екенін растады.