Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов балалы адаммен төбелесуіне не себеп болғанын айтты

ашық дереккөзі

Бейбіт Шүменов балалы адаммен төбелесуіне не себеп болғанын айтты

Боксшы Бейбіт Шүменов қоғамдық орында балалы адаммен жанжалдасуына қатысты пікір білдірді.  Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Боксшының айтуынша, қоғамдық орында төбелесуге балалар арасындағы жағдай себеп болған. «8 жасар ұлым сол күні балалар алаңында ойнап жүрді. Сол кезде басқа бір бала оны еш себепсіз арқасынан ұра бастады. Ұлым түсінбей қалды да, басқа жаққа ойнауға кетті. Бірақ әлгі бала бірнеше минуттан кейін қайта келіп, ұлымды тағы ұра бастады. Содан соң ер адам баласын алып кетті. Ал менің ұлым мұндайға үйренбеген. Ол үшін бұл үлкен стресс болды. Келді де, бейтаныс баланың ұрған жерлерін көрсете бастады. Арқасы жырылған, қызарып кетіпті. Содан соң мен баланың әкесіне барып, «Ұлымды ұрған сенің балаң ба?» деп сұрадым. Ол: «Иә, менің балам. Не істей аласың?» - деп агрессиямен жауап берді. Оның бұл кейпі мені қатты ашуландырды. Баламды емін-еркін ойнау үшін қоғамдық орынға алып бардым. Алғашында оның жауабына қатты ашуланып, мойнынан ұстадым. Ол сол қолымен столдағы заттарды алып, шабуылдай бастады. Кейін қолындағы заттың пышақ емесін білген соң, баласын тастап, оң қолымен пышақты алып, маған жұмсап үлгерді. Менің бұрылып кеткенім абырой болды. Сіздер баламен тұрған еркекті аяп жатырсыздар. Ал ол баласын қорған қылып тұрғанын ойламадыңыздар ма? Мен кәсіби боксшымын, соққыларымды қайда жұмсау керегін білемін. Содан соң біз Есіл аудандық полиция бөлімшесіне бардық. Балалардың анасы менен, жұбайымнан кешірім сұрады. Анасының айтуынша, ұлы аутизммен ауырғандықтан басқаларды себепсіз ұрып-тебуі мүмкін екен. Ұлдың анасы осылай айтқанда, мен қатты аядым. Балаларды қатты жақсы көремін, сондықтан оған сабыр тілеп, ұлының айығып кетуіне тілектестік білдірдім. Бәріміз жылы қоштастық. Ал мен төбелесіп қалған ер адам сот медицинцалық сараптамадан өтті, еш жері жарақаттанбаған. Осы орайда, ер адамның қолында тұрып, келеңсіз жайттың куәсі болған балақайдан кешірім сұрағым келеді» деп жазды Бейбіт Шүменов. Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған төбелестің мән-жайын айтып берген еді.