Жаңалықтар

Құс еті импортын азайту керек – Мәжіліс депутаттары Ұлытау облысында болды

ашық дереккөзі

Құс еті импортын азайту керек – Мәжіліс депутаттары Ұлытау облысында болды

Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай мен Ерболат Сатыбалдин Ұлытау облысында болып, Кеңгір ауылындағы құс фабрикасының құрылыс жұмысын тексерді. Кәсіпорын партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатыр. Зауыт 30-ға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Фабрикада жылына 1000 тонна ет пен 25 млн жұмыртқа өндіру жоспарлануда. «Зауыттағы жұмыс процесі толық автоматтандырылады. Балапандар 42 күннен кейін союға шығарылады. Құс етін өңдеу цехын тамызда іске қосу жоспарлануда. Ал жұмыртқа бағытындағы цех күзде жұмыс істей бастайды», – деді фабрика директоры Ринат Ахтямов. Жалпы, Ұлытау облысында 2027 жылға қарай «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерін орындау аясында қуаттылығы 1 мың тонна ет өңдеу кәсіпорны және 1 мың басқа арналған бордақылау алаңы құрылады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,5 есеге артады, осы саладағы 1 мың адам жұмыспен қамтылады. «Жаһандық азық-түлік дағдарысы жағдайында отандық ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп қазақстандықтарды негізгі азық-түлік тауарларымен 100 пайызға қамтамасыз етуге тиіс», – делінген партияның республикалық сайлауалды бағдарламасында.