Жаңалықтар

Қазақ футболының аңызы Сейілдә Байшақов дүниеден өтті

ашық дереккөзі

Қазақ футболының аңызы Сейілдә Байшақов дүниеден өтті

Қазақ футболының аңызы Сейілдә Байшақов дүниеден өтті. Қаралы хабарды журналист Айдын Қожахмет естіртті, деп хабарлады turkystan.kz. Сейілда Икрамұлы Байшақов 1950 жылы 28 тамызда Жамбылда туған. Жамбыл футбол мектебінен түлеп шыққан Сейілдә Икрамұлы саналы ғұмырын отандық футболға арнады. Кәсіби спортшы ретінде Алматының «Қайрат» сапында тер төгіп, үш жүзге жуық ойын өткізді. Сондай-ақ, КСРО құрамасына шақырту алып, алып держава сапында ресми додаларда доп тепкен жалғыз қазақ футболшысы. Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметін атқарып, отандық футбол мен мини-футболдың дамуына орасан зор үлес қосты.