Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz.
IBO - 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.
«Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальді Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.
Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші халықаралық Олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.