Шаруаларға су жеткізу мәселесі қиынға соғып тұр – Мәжіліс депутаты
Шаруаларға су жеткізу мәселесі қиынға соғып тұр – Мәжіліс депутаты
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары аясында «AMANAT» фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысы Қордай ауданында болып, іскер әйелдермен, аудан тұрғындарымен, дәрігерлер қауымымен жүздесті.
Ең алдымен, халық қалаулысы Сарыбұлақ ауылдық округінің шаруаларымен кездесіп, алқаптарды суару мәселесін талқылады.
Бұдан бөлек, халық қалаулысы «AMANAT» партиясынан сайланған ауылдық округ әкімдерімен, ауданның іскер әйелдерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Тұрғындар мемлекет тарапынан бөлінетін қайтарымсыз гранттар санын көбейту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселелерін қозғады.
Бұған қоса, депутат Бәйтерек ауылында жаңадан салынып жатқан 150 орындық мектептің құрылыс барысын бақылап қайтты. Жоспарға сәйкес, білім ошағының қабырғасы тұрғызылып қоюы тиіс еді. Алайда жұмыс кестеге сай жүріп жатқан жоқ. Жаңа мектептің тек іргетасы қаланыпты. Ал Сортөбе ауылындағы аурухана мамандарымен жүздесу кезінде сала қызметкерлері ғимаратта үнемі жарық сөніп қалатынын және интернет баяу жұмыс істейтінін айтып, шағымдарын жеткізді.