Жаңалықтар

2018 жылы басталған мектеп құрылысы әлі аяқталған жоқ – AMANAT

ашық дереккөзі

2018 жылы басталған мектеп құрылысы әлі аяқталған жоқ – AMANAT

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Осы орайда, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе облысында болып, құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады деп хабарлады turkystan.kz.

Партияның сайлауалды бағдарламасында оқушылардың орын тапшылығын шешу мәселесіне баса мән берілген еді. Алайда осы олқылықтың орнын толтыруға тиіс білім ошақтарының құрылысы көңіл көншітпей отыр. Мәселен, халық қалаулылары облыс орталығындағы «Шилісай» тұрғын үй алабында болып, ондағы мектеп құрылысымен танысты.

«600 оқушы орнына негізделген мектеп құрылысы 2018 жылы басталғанымен, күні бүгінге дейін аяқталған жоқ. Ал «Шилісай-1» тұрғын үй алабындағы 53 отбасында азды-көпті 83 бала бар. Оның ішінде, мектеп жасындағы балақайлар саны – 56 болса, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер саны – 27. Олар Ақтөбе қаласындағы №54 мектепке қатынап, білім алады. Балаларды білім ошағына алып барып, алып келу жұмысы жолға қойылғанымен, мектеп құрылысын жарым-жартылай қалдыруға болмайды. Шешім қабылдап, жауапкершілік арқалап, тездетіп пайдалануға беру қажет», – деді Ж.Сүлейменова.