Астанада 10 автобус жолағы жасалмақ

Астанада 10 автобус жолағы жасалмақ

Астанада 10 автобус жолағы жасалмақ
ашық дереккөзі
Елорданың Урбанистика орталығы Астананы және агломерацияны орнықты дамыту жөніндегі кеңес отырысының қарауына 2 жобаны ұсынды. Жобалардың бірі - Плейсмейкинг (placemaking). Бұл, динамикалық, орнықты және жайлы кеңістіктер құруды білдіреді. Орталық басшысы Асхат Садуовтың айтуынша, қоғамдық кеңістіктердің қажеттілігі әлемнің түрлі қалаларында дәлелденген, БҰҰ Хабитат құралдарында зерттеліп, сипатталған артықшылықтары бар. Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Урбанистика орталығы Астанада плейсмейкинг орындары ретінде 10 көшені таңдаған, аталған жобалар сол көшелерде іске асырылады. Атап айтқанда, Бейбітшілік көшесі; Тілендиев көшесі; Қабанбай батыр даңғылы; Абылай хан даңғылы; сондай-ақ Мұңайтспасов көшесі - Тәуелсіздік даңғылы - Момышұлы даңғылы - Жұмабаев көшесі квадраты; Мұңайтпасов көшесіндегі саябақ; Ақбұлақ жағалауы; Ғашықтар саябағы; «Евразия» СҮ ауданы; Сулы-жасыл желекжолы. Плейсмейкинг шеңберінде қысқы жобалауға айрықша басымдық берілмек. Урбанистика орталығы өкілдерінің пікірінше, дұрыс жобалаудың арқасында елорда қысқы туризм орталығына айналуы әбден мүмкін. Ұсынылған екінші жоба - елордада алғашқы Урбан форумын өткізу. «Аталған форум қалалық жоспарлау, экология және экономика салаларында шетелдік сарапшылармен тәжірибе алмасу алаңына айналуға тиіс», - деп есептейді орталық басшысы Асхат Садуов.