Астанада спорт дирекциясының басшысы 4 млн теңге пара алған
Астанада спорт дирекциясының басшысы 4 млн теңге пара алған
Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
«2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады. Дирекция басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.