Жаңалықтар

Биыл 1 300 бас асылтұқымды қашарға сұраныс болмаған

ашық дереккөзі

Биыл 1 300 бас асылтұқымды қашарға сұраныс болмаған

Аманаттық депутаттардың аймақтардағы сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Қазыбек Әлішев Ақтөбе облысына барды. Алдымен өңірдегі бірқатар ауданды аралап, стратегиялық нысандардың жұмысымен танысқан депутаттар «Айс плюс» сүт өңдеу зауытына арнайы ат басын бұрды. Ұжыммен кездесуде Мәжіліс депутаттары кәсіпорын қызметкерлерін толғандыратын мәселелерді тыңдады. Сондай-ақ Парламентте қаралатын бірқатар заң бойынша ұсыныстар айтылды. Серіктестік директоры Қуаныш Ищанов ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту мәселесін шешуді және ішкі нарықты қорғау жөнінде шаралар қабылдауды сұрады. Қазіргі уақытта «Айс-плюс» ЖШС «AMANAT» партиясының Жол картасы шеңберінде жалпы құны 3 млрд. теңге болатын ауысымына 50 тонна сүт құю цехын құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. Цехты қайта құру және қойма құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілді. Қазір жабдықты іске қосу, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Заманауи қаптамада жоғары сапалы стерильденген сүт өндіріледі. Айта кетейік, «Айс-плюс» компаниясы 1999 жылы Ақтөбе қалалық сүт зауыты негізінде құрылған болатын. Қызметінің негізгі бағыты – сүт, ашытылған сүт өнімдері мен балмұздақ өндірісі. Компания сенімді түрде дамып, қуаттылығын арттырып отыр. Сондай-ақ, «Айс плюс» ЖШС сүт-тауар фермасы – Қазақстанда Гольштейн тұқымды ірі қара малдың негізгі өндірушісі. Жыл сайын 800-ге жуық асылтұқымды қашар өсіріп, сатады.