Жаңалықтар

Максим Рожин: «Тұрғын үй азаматтарға қолжетімді болуы керек»

ашық дереккөзі

Максим Рожин: «Тұрғын үй азаматтарға қолжетімді болуы керек»

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматының «G4 City» 4 спутник қаласын дамыту жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

«Халықты сумен және электр жарығымен үздіксізқамтамасыз ету мәселесі партиялықтардың ерекше бақылауында болуы тиіс. Сондай-ақ, жылу беру нысандарының дайындығын да бақылау қажет. Тұрғын үй азаматтарға қолжетімді болуы керек. Сонымен қатар, тұрғын үйдің шаршы метріне қатысты баға саясатын да бақылау қажет», – деді депутат.

Бүгінде «Gate City»-де қосалқы электр стансасы, автоматты түрде газ тарату стансасы, магистральдық сумен жабдықтау жүйесі бар су қабылдау қондырғылары және кәріз-сорғы стансасы салынды.

Жалпы, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысында алдағы бес жылда 3,9 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл кемінде 5,8 мың отбасын, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобының 920және 550 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.