Аквагримнің бет терісіне әсері

10 шілде, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Аквагримнің бет терісіне әсері Аквагрим – су мен түрлі түсті пигменттерден тұратын косметикалық өнім. Бұл балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық іс-шараларында танымал қызмет түрі. Бет бояуының адам денсаулығына әсері толық зерттелмеген. Алайда жағымсыз салдарлары болуы мүмкін. Сондықтан өнімді толық қолданар алдында әрқашан қолыңызға аллергиялық тест жүргізіңіз. Сатып алғанда және қолданар алдында сыртындағы ақпаратты оқып, келесі белгілердің болуына назар аударыңыз: Құрамындағы пигменттер табиғи, минералды немесе синтетикалық болады. Әдетте олар қандайда бір майлы заттарсыз суға араластырылу керек. Ондай жағдайда терісі сезімтал немесе тіпті аллергиясы бар адамдар үшін қауіпсіз болады. Сондай-ақ теріге жағу үшін қолданылатын құралдарға да мән беріңіз. Кері жағдайда инфекция жұғу қауіпі бар.