Жаңалықтар

Ақмола облысында бірнеше медициналық нысан салынады – AMANAT

ашық дереккөзі

Ақмола облысында бірнеше медициналық нысан салынады – AMANAT

Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» фракциясы мүшелерінің өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Бүгін парламентшілер Айна Мысырәлімова мен Наталья Дементьева Ақкөл қаласындағы медицина қызметкерлеріне арналған емдеу-сауықтыру орталығының құрылысын тексерді. Бүгінде электр желілері, телекоммуникациялар мен су құбырлары тартылуда. Сондай-ақ, емдеу корпусының, қонақ үйдің және бассейннің қарқынды құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Оны келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Өз кезегінде, депутаттар медицина қызметкерлері мемлекеттің ерекше қамқорлығында болуы керек екенін атап өтті. «Біз денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүдделіміз. Медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Бұл бастама біздің «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламамызда да қамтылды. Ақмола облысында 2028 жылға дейін 38 ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары салынады. Партия Бұланды аудандық ауруханасы мен Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасына күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге күш салады», – деді Наталья Дементьева. Алдағы бес жылда Ақмола облысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Көкшетау қаласында көпбейінді облыстық аурухана, Біржан сал ауданында емханасы бар аурухана, Қоянды ауылында МСАК орталығы, Сочи және Новосельское ауылдарында медициналық пункттер, Ершовка ауылында амбулатория, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына қосымша құрылыс нысанын тұрғызу көзделіп отыр. «Жыл сайын жүргізушілер саны азайып барады. Автобустар жеткілікті болғанымен, жүргізушілер жетіспейді. Қалада қозғалыс кестесі қысқара түсуде. Жас жүргізушілердің ешқайсысы тәжірибе жинай алған жоқ. Олар онсыз жұмыс істей алмайды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғасына 25 жасқа толмаған адамдар жиі ұшырайды», – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Әсия Шаримова. Депутат бұл мәселе Ішкі істер министрлігімен бірге мұқият зерделенетінін атап өтті. Әсіресе D санатындағы жүргізуші өтіліне қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігі назарға алынады.