Жаңалықтар

Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ашық дереккөзі

Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Облыс әкімінің бұйрығымен Шәкір Кейкін Атырау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

1970 жылы туған азамат Атырау облысы Жылыой ауданының тумасы. Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында бастаған. 2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2019-2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі болып жұмыс істеген. 2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі қызметке тағайындалғанға дейін Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы болды.