Жаңалықтар

БҚО-да контейнер мен екі автобус жанып кетті

ашық дереккөзі

БҚО-да контейнер мен екі автобус жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында контейнер мен екі автобус жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған. «Сағат 03.08-де Завод көшесі 14/3-мекенжайында «Восход» ЖШС аумағында автобөлшектерімен темір контейнер (20 шаршы метр) отқа оранды. Сондай-ақ «ПАЗ» маркалы екі автобустан түк қалмады. Оған қоса жалын Митсубиси Кантер автокөлігі базасындағы иінді көтергіш пен «Лада Веста» жеңіл көлігін ішінара шарпыды. Тілсіз жау сағат 03.45-те оқшауланып, 04.08-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.