Жаңалықтар

Былтыр елімізде 92 мектеп пен 35 емхана пайдалануға берілді

ашық дереккөзі

Былтыр елімізде 92 мектеп пен 35 емхана пайдалануға берілді

2022 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2% құрады деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 6 304,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға ұлғайды. Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік мекемелер – 0,3% орындады. Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлем құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі – 87,2%, күрделі жөндеуге – 6,1%, ағымдағы жөндеуге – 6,7%. Объектілердің түрлері бойынша 2022 жылы ең көп үлесті имараттарды салу бойынша орындалған жұмыстар құрады – 43,2%, тұрғын емес ғимараттарды салу – 37,3% және тұрғын ғимараттарды салу бойынша – 19,5%. Ақшалай мәндегі ең үлкен көлем имараттар құрылысы бойынша байқалды – 2 724,1 млрд теңге, ал ең жоғары өсім тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша – 2021 жылмен салыстырғанда 13,7%. «2022 жылы 40368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішіндегі 37893 тұрғын және 2475 тұрғын емес мақсатта. Былтыр пайдалануға жалпы білім беретін 92 мектеп, мектепке дейінгі 98 ұйым, амбулаториялық 35 емхана, 3 аурухана берілді. Осы ретте 2021 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген мектептердегі оқушылардың орын саны 20,5 мыңға көбейген», - делінген хабарламада.