Жаңалықтар

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр

ашық дереккөзі

Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында Каспий жағалауында тағы қамыс өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. «Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Кеше, 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 де өртті анықтау және бақылау үшін №13 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 қызметкер, 1 техника, ал, жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 7 қызметкер жіберілді», -деп хабарлады деп хабарлады Асқат Ержанов. Оның айтуынша, өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін емес. Бүгін, 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу көзделіп отыр.