Қазақстандық ауыр атлеттер Париж Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін
Қазақстандық ауыр атлеттер Париж Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін
Қазақстандық ауыр атлеттер 2024 жылғы Парижда өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетілуі мүмкін. Жағдайды әйгілі Inside the games спорт порталы талдады. Бұл туралы turkystan.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Мамыр айында Федерация алты спортшыдан допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама алды. Маусым айының басында тағы бір ауыр атлет Артем Антроповтың нәтижесі оң екенін көрсетті. Осылайша, қазір жеті спортшы шеттетілді, оның ішінде 2023 жылғы Азия чемпионы Нұрғиса Әділетұлы да бар.
Нұрғиса әлемдік олимпиада рейтингінде алғашқы орында тұр. Барлық сынақтарда бұлшықет массасының өсуін қамтамасыз ететін бодибилдерлер арасында танымал зат табылды. Халықаралық федерацияның ережелеріне сәйкес, бір жыл ішінде үш немесе одан да көп допингтік бұзушылықтар жасаған ұлттық федерациялар төрт жылға дейін шеттетілуі мүмкін.
Ал Парижге іріктеу ережелеріне сәйкес 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың шілдесі аралығында үш немесе одан да көп допингтік бұзушылықтар жасаған елдер Олимпиада ойындарына қатысудан автоматты түрде шеттетіледі. Қазақстан федерациясы В сынамаларын талдауды сұратып, өз зерттеуін жүргізетінін мәлімдеді.
«Егер федерация допингке қатысты кейбір шешімдер мен тұжырымдарға қарсы шыққысы келсе, бұл бірнеше айға созылады», - деді спорт шолушысы Брайан Оливер.