Жаңалықтар

Астана жайлы 25 қызықты дерек

ашық дереккөзі

Астана жайлы 25 қызықты дерек

Бүгін – ел астанасының 25 жылдығы. Мерекеге орай Ұлттық статистика бюросы елорда туралы 25 деректі ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. 1. Халық саны – 1 376 528 адам (2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша) 2. Ерлерге қарағанда әйелдер көп: 52,3% – әйелдер, 47,7% – ерлер 3. Қазақстан бойынша Астана есімді 26 адам бар 4. 25 жыл ішінде Астанада 430,1 мың бала дүниеге келді 5. 18 жасқа дейінгі балалар саны – 444,4 мың, оның 229 мыңы – ұлдар, 215 мыңы – қыздар 6. 25 жыл ішінде елордада 181 мыңнан астам неке тіркелді 7. Қартаю индексі – 15,6 (100 балаға 65 жастан асқан келетін қарттар саны) 8. Тұрғынның орташа жасы – 30,4 жас 9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 77,3 жас 10. 25 жыл ішінде мектептер саны 116 бірлікке өсті. 48-ден 164 бірлікке дейін 11. ЖОО саны – 14 12. Театрлар саны – 9 13. Мұражайлар мен кітапханалар саны – 32 14. Жалпы өңірлік өнімнің республикалық көлемдегі үлесі – 10,2% 15. Тіркелген заңды тұлғалардың саны – 97 602 (2023 жылғы 1 маусымға) 16. Шағын және орта бизнес саны – 89 428 (2023 жылғы 1 маусымға) 17. Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,2 мың (Республика бойынша 1-орын) 18. Экономикадағы жұмыспен қамтылған халық – 655,3 мың адам (2023 ж. 1-тоқсан) 19. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы – 239,8 мың теңге (2022 жылғы IV тоқсандағы есеп бойынша) 20. Тұрғын үйлер саны – 29,6 мың (2022 ж.) 21. Автокөліктер саны – 334,6 мың (Республика бойынша 3-орын) 22. Интернет желісіне тіркелген абоненттер саны – 317,4 мың 23. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны – 685 (Республика бойынша 1-орын) 24. Қонақ үй бизнесі 2022 жылы 238,5 мың шетелдікті қабылдады 25. 5 жұлдызды 6 қонақүй бар.