Қарбыздан уланып қалмау үшін не істеу керек? - маман кеңесі

5 шілде, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Қарбыздан уланып қалмау үшін не істеу керек? - маман кеңесі Бақша дақылдары, пестицидтермен емделген болса, бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Егер құрамында осы заттектер көп қарбызды жесе, оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру қаупі бар. Осыған орайда Денсаулық сақтау министрлігі қарбыздан уланып қалмаудың жолдарын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Нитратпен улану белгілері: жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуі және ауыруы. Алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет! Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек, сонымен қатар тыныштықты қамтамасыз етіп, жағдайын бақылау керек. Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақырған жөн. Өзіңді қарбыздан уланудан қалай қорғауға болады? Өзіңді және жақындарыңды қарбыздан уланудан қорғау үшін мына сақтық шаралары ұсынылады: Қарбызды қайдан және қашан сатып алмаған жөн?  Өзіңді ішек инфекцияларынан қорғау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек: Қарбыздан улану белгілері қандай? Қарбыздан улану әдеттегі тамақтан уланудан ерекшелігі аз. Егер улану химиялық заттардың болуына байланысты болып, өнім нитратты болып шықса, белгілер 2-3 сағаттан кейін біліне бастайды. Іштің ауыруы жиілейді. Инфекция тез таралып, аз уақыттан кейін іш өтіп, адам құса бастайды. Науқастың жағдайы нашарлайды. Әлсіздік пайда болып, қалтырап, (әдетте балаларда) дене қызуы көтеріледі. Вирустық ішек инфекциясы кезінде белгілер 5-6 сағаттан кейін пайда болады. Жағдай нитраттармен уланғандағыдай қауіпті болмайды. Балалар бұлай улануды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды. Уланудың қалай алдын алуға болады? Қарапайым тамақтан улану ықтималдығын болдырмау үшін кез келген жеміс-жидек сатып алған кезде келесі негізгі ережелерді сақтау керек: