Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрін қабылдады

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Швейцарияның федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты. Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның  жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.