Мәжіліс депутаты жылу маусымына дайындық жұмыстарын талқылады
Мәжіліс депутаты жылу маусымына дайындық жұмыстарын талқылады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы өндірістік мекемелерде еңбек ұжымымен кездесті.
Сапар барысында депутат алдымен «3-Энергоорталық» ұжымына барды. Аталған орталық қаланы жылумен қамтамасыз ететін негізгі мекеме. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВТ*сағ. электр қуатын өндіреді.
Қазіргі таңда мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бас инженер Жансерік Ерботаевтың айтуынша, станциядағы қондырғылар кезең-кезеңімен жаңартылып, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кедергісіз жүргізілуде. Жалпы Шымкент қаласы бойынша жылу маусымына дайындық жоспарлы жүзеге асырылуда. Кездесу барысында жалақы мәселесі де назардан тыс қалмады.