Мәскеуде Алматы Универсиадасы қорытындыланды

Мәскеуде Алматы Универсиадасы қорытындыланды

Мәскеуде Алматы Универсиадасы қорытындыланды
ашық дереккөзі
Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қорытындылары туралы Мәскеуде арнайы пресс-конференция өткізді деп хабарлайды 24.kz.  Федерация президенті Олег Матыцин Универсиаданың ұйымдастыру комитеті жарысты жоғары деңгейде өткізгенін айтып, Қазақстанда болған студенттік ойындар нағыз мерекеге айналғанын атап өтті. Айта кетейік, Алматы Универсиадасы  қатысушы елдердің саны бойынша рекорд жасады. Бұл жарыста әлемнің 56 елінен келген 2 мыңнан астам спортшы бақ сынасты. Спорттың 12 түрінен 85 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалык есепте бірінші орынды Ресей, екінші орынды Қазақстан жеңіп алды. Үшінші орынды Корея еншіледі. Келесі 2019 жылғы Қысқы Универсиада Красноярск қаласында өтеді. "Осы ойындар түрлі спорт халықаралық федерацияларымен бірлесіп, Алматы қаласының әкімшілігі,Универсиаданың ұйымдастыру комитеті мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауымен өткізілді. Қазақстан басшылығы студенттік спорт мәселесіне ықыласпен қарап, оның дамуына барша мүмкіндік жасағанның арқасында осы жоба ойдағыдай жүзеге асты", - дейді Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин.