Жаңалықтар

Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты – Президент

ашық дереккөзі

Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың бүгіні мен болашағы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашты. Бүгінде Астана жан-жақты әрі қарқынды дамуда. Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атанды. Бас қаламызда көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті. Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі соның айқын көрінісі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Астананың бауырлас қалалар форумында. Мемлекет басшысы баяндағандай, елорда төрінде түрлі конфессия өкілдері бас қосты. «Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе», - дейді Президент.