Жаңалықтар

Баланың буллингке тап болғанын қалай білуге болады?

ашық дереккөзі

Баланың буллингке тап болғанын қалай білуге болады?

Балалардың үштен бірі мектепте буллингті бастан кешіреді. Бірақ олар бұл жағдай туралы ата-анасымен бөлісуге дайын болмай жатады. Буллинг дегеніміз не? Бұл күшті әлсізді қандай да бір жолмен ренжіткен кездегі әрекетті білдіреді. Ол сөзбен немесе физикалық тұрғыда тиісуі мүмкін. Барлық қақтығыс буллингке жатпайды.  Норвегиялық психолог Дан Олвеус 1994 жылы буллинг критерийлерін сипаттаған. Оның айтуынша, буллинг әрдайым қайталанады және ұзаққа созылады. Мұнымен қоса, маманның айтуынша, күшті мұны әлсіздің жанын жаралап, ыңғайсыздық тудыру үшін әдейі істейді. Мұны көзбе-көз немесе онлайн да жасай береді. Егер күші бір-біріне тең адамдар арасында қақтығыс болса, бұл – буллинг емес. [caption id="attachment_227211" align="alignnone" width="1280"]