Қостанай облысында құны 740 млн теңгелік жоба жүзеге аспақ
Қостанай облысында құны 740 млн теңгелік жоба жүзеге аспақ
Мәжіліс депутаты, Палата төрағасының орынбасары Альберт Рау Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының ауылдарына барып, таза ауыз сумен қамту жұмыстарымен танысты деп хабарлады turkystan.kz.
Асенкритовка, Красносельское, Майское ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру аясында қолға алынған.
Мыңнан астам тұрғыны бар Асенкритовка ауылында ауыз су құбырлары жаңартылып, Красносельское ауылындағы су құбырының құрылысы жуық арада аяқталуы жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 740 млн теңгені құрайды.
Ауыл тұрғындары су тапшылығы мәселесінен арылып, сапалы ауыз суға қол жеткіздерін айтып, ризашылықтарын білдіруде.