Жаңалықтар

Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді

ашық дереккөзі

Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс алаңдарын бақылауды белсенді жалғастыруда деп хабарлады turkystan.kz. Депутаттар Астана қаласындағы №44 орта мектептің жаңадан салынып жатқан 5 қабатты ғимаратына барып, құрылыс қарақыны көріп қайтты. Халық қалаулысы, бұл мектеп екі тілде оқытылатын жеткізді. «Орналасқан шағын ауданда өзге ұлт өкілдері көп тұратындықтан, бұл мектепте екі тілде оқытылады. Алайда үстемдік қазақ тіліне беріледі. Аумағы ескі ғимаратына қарағанда біршама көбейтілді. Бос жатқан және ағаш өскен жерлерді әкімшілкпен келісіп, аумағын үлкейтіп, футбол алаңшасын жасауға мүмкіндік жасаймыз», - деді ол. Мектеп директорының орынбасары Айжан Кулькеева қазіргі кезде 74 педагог жұмыс істейтінін және кадр тапшылығы қатты білінбейтінін айтты. «Жаңа ғимаратқа жоғарғы буынды көшіріп, бұрынғысына бастауыш сыныптарын қалдырамыз. Ал мұғалімдер орындарында қала бермек. Бізге Малотимофеевка ауылынанда келіп оқитын балалар болғандықтан, тағы 1-2 сынып ашылуы мүмкін. Ондай жағдайда қосымша ұстаздар талап етіледі», - деді ол. Бұдан соң партиялықтар «Железнодорожный» тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына барды. Депутат Дүйсенбай Тұрғынбай мердігермен сөйлесіп, кешенің қазіргі жай-күйін сұрады. «Сыртқы құрылысы 95 пайызға аяқталды. Ішінде әрлеу және сырлау жұмыстары жүріп жатыр. Құрал-жабдықтар әкелінді. Көпфункционалды кешен болады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде баскетбол, волейбол, жаттығу жасау залдары және басқа да іс-шарлар ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Аумағына ХҚКО және полция бөлімшесі орналастырылады. Сондай-ақ балаларға ойын алаңшасы да қарастырылды», - дейді бас мердігер компанияның басшысы Әлімжан Қарқынбаев.