Жаңалықтар

Астана күнінде әлемнің әскери оркестрлері өнер көрсетеді

ашық дереккөзі

Астана күнінде әлемнің әскери оркестрлері өнер көрсетеді

Елорданың 25 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі қалалық әкімдікпен бірлесіп, «Астана – мәдениет керуені» әскери оркестрлердің I халықаралық әскери-музыкалық фестивалін ұйымдастырады деп хабарлады turkystan.kz. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілдеден бастап, үш күн қатарынан, қаланың әр алаңдарында Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштерінің музыкалық ұжымдары өнер көрсетеді. Пәкістан делегациясы байқаушы ретінде келмек. Қазақстан атынан Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі және Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетілімді оркестрі қатысады. 5 шілде күні сағат 12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігінің өкілдері өткізілетін іс-шараның ерекшеліктері мен мақсаттары туралы айтады. Көрсетілімдерді Band Marathon бастайды. Ол 6 шілдеде сағат 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатрда өтеді. Әзербайжан Республикасы Гейдар Алиев атындағы әскери институты оркестрінің репертуарында зурна мен барабанның сиқырлы дыбыстары бар армия шерулері мен ұлттық әуендер бар. XIV ғасырға дейін Әзербайжан өнері Таяу Шығыс халықтарының музыкалық дәстүрлерімен тығыз байланысты болды. Мұны Шығыс музыкасынан хабары бар сезімтал көрермен бірден аңғармақ. Үндістан Әскери-әуе күштері оркестрінің музыканттары көрерменді түрлі түсті, ерекше формасымен және композицияларының ерекшелігімен таңғалдыратын болады. Онда дәстүрлі еуропалық аспаптардың дыбысы үнді ситары мен сародына баса назар аударылады. Халықтың бай мәдени тәжірибесін мұра еткен Қытай Халық-азаттық армиясы әскери оркестрінің қойылымында тыңдаушылар ежелгі музыкалық дәстүрлерді де, оркестр өнерінің қазіргі тенденцияларын да түсіне алады.