Жаңалықтар

Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды

ашық дереккөзі

Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды

Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылды деп хабарлады  turkystan.kz. 2 шілде күні Қонаев гарнизонының әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Б. қашып кеткен болатын. Қатардағы жауынгер қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қарауылмен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезде белгісіз бағытта қашқан. «2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілері ұйымдастырған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – деп жазылған Қорғаныс министрлігі хабарламасында. Бұған дейін белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған төбелесте зардап шеккен заңгер Анна Чернова даулы іс бойынша жаңа мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.