Жаңалықтар

«Ұлытау: Сөз бен Сурет»: I кезеңнің үздіктері анықталды

ашық дереккөзі

«Ұлытау: Сөз бен Сурет»: I кезеңнің үздіктері анықталды

Ұлытау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» платформасында «Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасында өтетін республикалық байқаудың І кезеңіндегі жеңімпаздар анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Бас жүлде «Ұлытау азаны» шығармасының авторы, жазушы Ұмтыл Зарыққанға бұйырса,   Файзулла Төлтай («Дала құдайларымен қосып Жошыны жерлеу»),  Әсел Оспан («Алтын шоқы басынан табылған тас...»), Төлеген Меллат («Ұйық»), Дәуренбек Бұланбаев («Тамыры бар тастың да...»), Әскерхан Ақтай («Ұлытау тауың - аңыз тасың-абыз...») арнайы грантқа ие болды. Естеріңізге сала кетейік, байқаудың суретшілерге арналған 2-кезеңі осы жылғы 2 шілде мен 7 тамыз  аралығында өтеді. Осы орайда, оқырманға байқау жеңімпазын таныстыра кетейік. Ұмтыл Зарыққан 1987 жылы 26 желтоқсанда Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің түлегі. «Боз жусан бүр жарғанда», «Қоңыр көлеңке жыр» кітаптарының авторы. «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жас ақынның шерлі, шымыр, өршіл жырларында ел мен жер, адам, тағдыры, махаббат, сағыныш турасындағы тұнық та мөлдір сезімдер көрініс тапқан.