Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесті

ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаттары ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасымен кездесті

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысы, Сырдария ауданында болып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Сапар барысында Айдарлы елді мекенінде егін даласында жұмыс істеп  жатқан ауыл жастарынан құрылған еңбек бригадасы мүшелерімен кездесті. Еңбек бригадасы 2019 жылы 15 жастың бірігуімен республикада алғашқылардың бірі болып құрылған. Жиында жастар бригадаларының мүшелері депутаттарға өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, сұрақтарын қойды. Өз кезегінде  депутаттар жастарға «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобалары аясында ауыл жастарына бос жатқан жерлерді тиімді игеру тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетілу керектігін атап өтті.