Жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті – заңгер

ашық дереккөзі

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетті – заңгер

Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған төбелесте зардап шеккен заңгер Анна Чернова даулы іс бойынша жаңа мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл әскери бөлімшеден қашып кеткен. «Біздің іс бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бөлімше басшысының қарауында болады деген бұлтартпау шарасы таңдалған әскери бөлімшеден қашып кеткенін білдім. Кешеден бері оны таба алмай жатыр. BMW көлігіне мініп кетіп қалыпты. Кім көрсе, балаға айта салыңыздар, оған қатысты тергеу жүріп жатқанын ұмытып кетіпті. Айтпақшы, қашып кетпес бұрын гаупвахтадан шыққан беті сол екен. Ал онда қашып кете берген соң қамалған шығар деп ойлаймын» деп жазды Чернова Instagram парақшасында. Бұған дейін Алматыда адвокаттарды соққыға жықты деген Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат туралы жазған едік.