Жаңалықтар

БҚО-да коммуналдық қызмет басшылары сотталды

ашық дереккөзі

БҚО-да коммуналдық қызмет басшылары сотталды

Батыс Қазақстан облысында «Теректі - таза су» мекемесінің лауазымды тұлғалары бюджет қаратын жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлады turkystan.kz. Антикордың хабарлауынша, Теректі аудандық соты «Теректі-таза су» мемлекеттік кәсіпорнының басшыларына қатысты сот үкімін жариялады. «Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды», - деп жазды ведомстводан. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.