"Gracenote" сарапшылары: 2018 жылғы Олимпиададан Қазақстан жүлдесіз қайтады

"Gracenote" сарапшылары: 2018 жылғы Олимпиададан Қазақстан жүлдесіз қайтады

"Gracenote" сарапшылары: 2018 жылғы Олимпиададан Қазақстан жүлдесіз қайтады
ашық дереккөзі

Әлемге әйгілі "Gracenote" статистикалық агентігі 2018 жылы Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы Олимпиада ойындарында қай ел қандай орын алатынын болжады. Бұл жөнінде  Vesti.kz-ке сілтеме жасап Nur.kz хабарлады. 

Агенттіктің болжамынша, қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көріне алмайды екен. Оңтүстік Корея жерінде норвег спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алатын көрінеді. Сарапшылар Скандинавия түбегінің өкілдері бұл додада 15 алтын 11 күміс 14 қола медаль еншілейді деп топшылап отыр. Сондай-ақ алғашқы үштікке Германия (13 алтын 11 күміс 10 қола) мен АҚШ (10 алтын 11 күміс 11 қола) құрамалары енеді деп болжанып отыр.

Агенттіктің сараптауы бойынша қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көріне алмайды екен. Оңтүстік Корея жерінде норвег спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алатын көрінеді. Сарапшылар Скандинавия түбегінің өкілдері бұл додада 15 алтын 11 күміс 14 қола медаль еншілейді деп топшылап отыр. Сондай-ақ алғашқы үштікке Германия (13 алтын 11 күміс 10 қола) мен АҚШ (10 алтын 11 күміс 11 қола) құрамалары енеді деп болжаған.
2018 жылғы қысқы Олимпиада Франция құрамасы үшін табысты болады деп болжанды. Сарапшылар француз құрамасының жетістігін Мартен Фуркад (биатлон) пен Мари Дорен-Абер (биатлон) есімімен байланыстырып отыр. «Gracenote» статистикалық агентігі 2018 жылғы Олимпиадада 29 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп топшылауда (соңғы үш Олимпиадада тек 26 елдің спортшылары жүлдегер атанған). Ал бұл қатарда Қазақстан құрамасы жоқ. Сондай-ақ Сочи Олимпиадасында жүлде алған Хорватия мен Украина елдері де жүлдесіз қалады деп болжанған. Пхенчхандағы ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына әлі бір жылдай уақыт бар. Бұл аралықта статистикалық агенттік бірнеше рет өз болжамдарын жаңартатын болады. Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасы алдында "Gracenote" қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орыннан көрінді.