Махмұд Сабырхан Елорда кубогі турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді
Махмұд Сабырхан Елорда кубогі турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді
Бокстан «Elorda Cup» халықаралық турнирінде 57 келі салмақтағы Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Махмұд Сабырхан финалда тағы бір отандасымыз Асылжан Серікбаймен кездесуі тиіс болатын. Алайда, қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқандықтан, турнирде жеңіс тұғырына көтерілді.
Махмұд Сабырхан 2001 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды. Сондай-ақ 2022 жылы Азия чемпионатында екінші орын алды.