Ол финалда 2021 жылғы Әлем чемпионы Кенже Мұратұлымен кездесті. Жекпе-жек барысында қарсыласынан мықты екенін көрсетіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сәкен Бибосынов - 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды. Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медаль үшін таласуда. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.