Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады
Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады
Астанада AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады деп хабарлады turkystan.kz.
Сөз соңында партия Хатшысы «Алтын домбыра» орталығының шәкірттеріне қолдау көрсетіп, алғыс хат пен қаржы сертификатын табыс етті.
«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұлттық домбыраны ұлықтау іс-шаралары елордамен шектелмей, оған ел аумағында бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қосып жатқанын жеткізді.
«Біз бабадан мирас болып қалған қастерлі домбыраның мәні мен маңызын, тарихын жас ұрпақтың бойына сіңіруді көздеп отырмыз. Домбыра – ұлтымыздың жүрек үні, көңіл сыры. Халықтың рухын көтеріп, ортақ Отанымызға деген махаббатын жаңғыртсақ дейміз. Ел мен жерге деген, мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілік осындай іс-шараларда қалыптасады», – деді ол.