Жаңалықтар

Еліміздегі 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингі жарияланды

ашық дереккөзі

Еліміздегі 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингі жарияланды

Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін 100 үздік олимпиадалық мектептің рейтингін жасады.

Орталықтың мәліметінше, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкентте 891 оқушының, оның ішінде ғылым негіздері бойынша 88 олимпиадалық резерв мүшелерінің қатысуымен өтті.

86 жеңімпаз алтын медальмен, 131 оқушы күміспен, 206 оқушы қоламен марапатталды.

Ал республикалық олимпиаданың екінші бөлімі қашықтан өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 18 сәуірде еліміздің 20 өңірінде 725 оқушының қатысуымен өткізіліп, онда 330 оқушы жеңіске жетті.

Олардың 62-сі алтын, 97-сі күміс, 171-і қола медальмен марапатталды.

«Үздік олимпиадалық мектеп атағына ие болу үшін республиканың 314 мектебі бақ сынады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-ші орынды 4 мектеп жеңіп алды, 2 орынды 9 мектеп өзара бөлісті, 14 мектеп - 3 орынға ие болды.

Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады», - делінген орталықтың хабарламасында.