Жаңалықтар

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына 2,4 трлн теңге бөлінеді

ашық дереккөзі

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына 2,4 трлн теңге бөлінеді

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықтарын іске асыру үшін ел Үкіметі 2,4 трлн теңгеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында 2017-2019 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын таныстыра отырып, ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады, деп жазады primeminister.kz. Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың басым бағыты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Осы мақсаттарға бюджетте 2 435 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, Жолдауды іске асыру келесі шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту – 231 млрд теңге; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту – 0,7 млрд теңге; макроэкономикалық тұрақтылық — 2 093,1 млрд теңге; адам капиталының сапасын арттыру – 86,2 млрд теңге; институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес – 23,9 млрд теңге. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін ӘЭД болжамы мен бюджеттік заң жобасын белгіленген тәртіп бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне өткізуді тапсырды.ме беруге міндетті.