«Qazaqstan Barysy» турнирінің финалында 41 балуан сынға түседі

«Qazaqstan Barysy» турнирінің финалында 41 балуан сынға түседі

«Qazaqstan Barysy» турнирінің финалында 41 балуан сынға түседі
ашық дереккөзі

2 шілдеде миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған «Qazaqstan Barysy» турнирінің 12-финалы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада 41 балуан белдеседі. Барлығы да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Олар өз аймақтарында өткен іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, әскер барысының 2 жүлдегері бар. Жарыстың жүлде қоры 40 миллион теңге. Жауырыны жерге тимеген балуан 25 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Ал боз кілемдегі бәсекенің әділ өтуін 8 төреші қадағалайды.

 «Біздің ең басты мақсат - қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына кіргізу. Халықаралық деңгейге шығару үшін, ұлттық спортымызды насихаттап, дәріптеп келе жатырмыз», - дейді «QAZAQSTAN BARYSY» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп.