Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Алғашқы үштікте Аргентина, Франция және Бразилия тұр. Қазақстан бұл тізімде 112-орыннан 104-орынға көтерілді. Бұған Магомед Адиев шәкірттерінің сырт алаңда Сан-Марино (3:0) мен Солтүстік Ирландиядан басым түсуі себеп (1:0) болған.
ФИФА рейтингі: 1. Аргентина – 1843.73 2. Франция – 1843.54 3. Бразилия – 1828.27 4. Англия – 1797.39 5. Бельгия – 1788.55 6. Хорватия – 1742.55 7. Нидерланд – 1731.23 8. Италия – 1726.58 9. Португалия – 1718.25 10. Испания – 1703.45 104. Қазақстан – 1198.24.