Назарбаев Бердімұхамедовті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Бердімұхамедовті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Назарбаев Бердімұхамедовті сайлаудағы жеңісімен құттықтады
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Түркіменстан Президенті болып сайлануымен құттықтап, жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Елбасы жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бердімұхамедовті Түрікменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтады. «Өткен сайлау нәтижесі - халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің халықаралық беделін нығайту жолындағы Сіздің жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрікменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көрсеткіші. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түркіменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Қазақстан түркімен халқының бірлігін, елдің саяси және экономикалық дамуын нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды», - делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.