Жаңалықтар

Нидерланды ұшатын автокөліктерді сатылымға шығарды

ашық дереккөзі

Нидерланды ұшатын автокөліктерді сатылымға шығарды

Нидерландының PAL-V фирмасы өздері құрастырған ұшатын машинаның екі үлгісін жаппай сатылымға шығарды. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Компания ұшатын автомобиль жасауға 2009 жылы кіріскен еді. 2012 жылы алғашқы нұсқа әзірленді. Ал 2017 жылы PAL-V фирмасы Liberty Pioneer және Liberty Sport атты екі үлгісіне тапсырыс қабылдап, шығара бастады. Ұшатын көлік құрастырушылардың хабарлауынша, олардың өнімдері барлық қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. PAL-V тұтынушыларының автомобильдері 2018 жылдың соңына қарай табысталады. Ол уақытқа дейін PAL-V өнімдері қолдану үшін толығымен сертификатталып бітеді. PAL-V бас директоры Роберт Дингеманстың айтуынша, жаңа өнімнің басты нарығы -  Солтүстік Америка. АҚШ, Канада, Мексика және Бермуд аралдарының тұтынушылары ұшатын автомобильге тапсырыс беріп үлгерген.