Жаңалықтар

Жұмсақ немесе қатты: ыңғайлы матрасты қалай таңдайды?

ашық дереккөзі

Жұмсақ немесе қатты: ыңғайлы матрасты қалай таңдайды?

Жақсы ұйқы жататын орынға тікелей байланысты болғандықтан, матрас пен төсекті дұрыс таңдау маңызды. Оны сатып аларда алдымен көлеміне, қанша жылға дейін пайдалануға болатынына мән беріп, салмағыңызға қарай таңдау керек. Көлемі Матрас адам бойынан 15 см ұзын болуы тиіс. Қалыпты түрі 180-200 см, ал ені 90-200 см болады. Тығыздығы Мамандар денесі толық әрі салмағы көбірек адамдарға тығыз, қатты матрас алуға кеңес береді. Ал арық немесе бойшаңдар жұмсақтауын таңдағаны жөн. Шалқасынан жатып ұйықтағанды ұнататындар үшін қатты матрас, ал көлденең, етпетінен жататындарға жұмсағын алуға болады. Сапасы Сапалы түрінде бір шаршы метрінде шамамен 200-350 серіппе болады. Ал аса қымбат түрлерінде 1000-ға жуық серіппе бар. Матрас сізге ұзақ қызмет етсін десеңіз, жылына 4 рет аударып тұрыңыз. Өйткені матрастың орта тұсындағы серіппелер басылып қалуы мүмкін. Бір матрас шамамен 10 жылға жарамды. Балаларға матрастың үстінде секіруге рұқсат етпеңіз. Керісінше жағдайда тез тозатын болады. Материалы Меморикс – ұйқыға жатқан адамның дене пішінін дәлме-дәл қайталап беру қасиетіне ие. Әсіресе, бел омыртқаға өте ыңғайлы. Бұл табиғи латекске қарағанда жұмсақтау. Табиғи латекс – өте жұмсақ, созылмалы, резеңкелік қасиеттері басым мата. Кокос талшықтары – өте қатты табиғи өнім. Ауа өткізгіш қасиеті бар. Қызмет ету ұзақтығы аз. Толық адамдарға мұндай матрас жарамайды, өйткені біраз уақыттан соң кокос талшықтары үгітілуі мүмкін. Беткі қабаты Матрасқа арналған қап ұйқыны жайлы етеді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы пайдалануға көмектеседі және артық ылғалдан, шаңнан, кірлеп кетуден сақтайды. Көп жағдайда жатын орынның жұмсақ немесе тым қатты болуына қабы себеп болуы мүмкін. Сондықтан ортопедиялық қап таңдаңыз. Есте сақтаңыз: матрастың қабы да жасанды латекс немесе кокос, меморикс сияқты бірнеше жұқа қабаттан тұрады.