Жаңалықтар

Премьер-министр: 2026 жылға дейін 368 жаңа мектеп ашылады

ашық дереккөзі

Премьер-министр: 2026 жылға дейін 368 жаңа мектеп ашылады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында білім саласы жайлы айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Орта білім беруді дамыту тұрғысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Жоба шеңберінде 2026 жылға дейін 738 мың орындық 368 жаңа мектеп ашылады. Оның ішінде биыл 216 мектептің құрылысы басталып, сонымен бірге ұлттық жобадан тыс, басқа қаржыландыру көздері есебінен 143 мектеп ашылады», - деді Әлихан Смайылов.