Жаңалықтар

UFC басшысы Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласының есімін жариялады

ашық дереккөзі

UFC басшысы Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласының есімін жариялады

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.  16 қыркүйекте қазақстандық спортшы америкалық Келвин Гастелумге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл Лас-Вегаста өтетін UFC турнирінің басты оқиғасы болмақ. 31 жастағы Кевин Гастелумның ұлты – мексикалық, АҚШ-та дүниеге келген.  Америкалық файтер жартылай орта салмаққа оралды. 2010 жылдан бері кәсіпқойда өнер көрсетіп жүрген ол UFC рейтингінде 12-орында тұр.