LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды

29 маусым, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды Астанада көлік жүргізушісі бетон бағанға соғылып, қаза болды деп хабарлады turkystan.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«29 маусым күні сағат 06.04 шамасында Chevrolet Malibu көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, Арыс көпірінде рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан бетон бағанға соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД мәліметінде.