Астана күнінде мерекелік отшашу бола ма? – Әкімдік жауап берді

29 маусым, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Астана күнінде мерекелік отшашу бола ма? – Әкімдік жауап берді Елорда әкімдігінің хабарлауынша, биыл Астанада қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілмек деп хабарлады turkystan.kz.
«Биыл қала күнінде отшашу болмайды. Алайда қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін», - деп хабарлады әкімдік.